Кәсіпорын жаңалықтары

Қазақстан киберқауіпсіздік саласында Молдованың серіктесі болды

Ағымдағы жылғы  қазан айында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ (бұдан әрі-«МТҚ» АҚ) мен Молдова Республикасының «Ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік қызметі» мемлекеттік мекемесі  (CERT-GOV-MD) Киберқауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға  қол қойды. 

Меморандум киберқауіпсіздік саласында күш-жігерді біріктіру мен тәжірибе алмасуды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) қатерлеріне және инциденттеріне әрекет ету бөлігінде ынтымақтасуды дамытуды көздейді.  

Snake Keylogger тыңшылық БҚ қазақстандықтардың есептік жазбаларының таралу себебіне айналды

SK-CERT - Словакия ұлттық киберқауіпсіздік орталығымен жасалған меморандум шеңберінде «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне (бұдан әрі – KZ-CERT) пайдаланушылардың  зақымдалған дербес компьютерлерде Snake Keylogger* зиянды бағдарламасының көмегімен жария етілген жазбалары туралы ақпарат түсті. 

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫ ДЕРЕКТЕРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІ

«МТҚ» АҚ-ның KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (бұдан әрі - KZ-CERT қызметі) Интернеттің қазақстандық сегментін ақпараттық қауіпсіздік қауіптерінің болуына мониторингтеу процесінде SMB (Server Message Block) хаттамасы бойынша қолжетімді болған файл серверін анықтады. Бұл сервер шетелдік білім беру мекемесі филиалдарының біріне тиесілі.

Microsoft Exchange базасындағы пошталық серверлерді хакерлер бұзуы мүмкін

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ KZ-CERT компьютерлік  инциденттерге әрекет ету қызметі Интернеттің қазақстандық сегментін ақпараттық қауіпсіздік қатерлері тұрғысынан мониторингтеу барысында ProxyShell осалдығына ұшыраған Microsoft Exchange базасындағы бірқатар пошталық серверлер айқындалғанын хабарлайды.

АҚ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІНЕ СЫНАҚТАРДАН ӨТУ ҮШІН БЕС ЖҰМЫС ТҮРІ БОЙЫНША ВЕБИНАР

Хабардарлықты арттыру және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардан өту рәсіміне дайындалуға ықпалдасу үшін 2021 жылғы 27 тамызда сағат 15:00-де бес жұмыс түрі бойынша сұрақ-жауап форматында вебинар өткізу жоспарлануда.

5 жұмыс түрі:

    1. Бастапқы кодтарды талдау;
    2. Ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау;
    3. Жүктемелік сынақ;
    4. Желілік инфрақұрылымды зерттеп-қарау;
    5. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау.

Қазақстан ұйымдары шифрлаушылардың құрбаны болуы мүмкін

«Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «МТҚ» АҚ) қазақстандық пайдаланушыларды ақпараттық қауіпсіздікті (бұдан әрі – АҚ) қамтамасыз етудің негізгі қағидаларын сақтауға шақырады, сондай-ақ бопсалаушы бағдарламалардың (бұдан әрі - шифрлаушы) таралуына байланысты АҚ инциденттері туындауы мүмкін тәуекелдер туралы хабарлайды.

Қазақстандық пайдаланушылардың 30 мыңнан астам Telegram – аккаунты желіге таралып кетті

Интернеттің қазақстандық сегментін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің болуына мониторинг жүргізу барысында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Telegram-арналарының бірінде Telegram мессенджерін пайдаланушылардың дербес деректері туралы 744 мың жазбадан тұратын файлды анықтады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИБЕРҚАУІПСІЗДІГІ ТАШКЕНТТЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Ағымдағы жылғы 29 маусымда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («МТҚ» АҚ) Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты онлайн бейнеконференция форматында ұйымдастырған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ТМД халықаралық сараптамалық форумына қатысты.

Страницы