Кәсіпорын жаңалықтары

Алаяқтық ресурстар мен компьютерлік вирустар статистикасы

Мемлекеттік техникалық қызмет 2020 жылдың қараша айында Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі ақпараттық қауіпсіздіктің 1 453 инцидентін анықтап, пысықтағанын хабарлайды. 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда фишингтік шабуылдар саны 83% - ға өсті, ал тіркелген зиянды БҚ саны 93% - ға артты. Егер 2019 жылдың қараша айында фишингтік шабуылдар саны 19 болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 115-ке дейін өсті, зиянды бағдарламаларға келетін болсақ, онда  2020 жылы 145, ал 2019 жылы тек 10 инцидент тіркелді.

Қазақстан Израиль мемлекетінің киберқауіпсіздік бойынша серіктесі болды

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Мемлекеттік техникалық қызмет (МТҚ) пен Израиль мемлекетінің Ұлттық Кибердиректораты (INCD) арасында киберқауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.

Қол қою бейнеконференц-байланыс режимінде өтті. INCD директоры Игаль Унна және МТҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жүнісбек тұлғасында екі тараптан басшылық құрамнан басқа Израиль мемлекетіндегі Қазақстан Республикасы елшілігінің өкілі Сатыбалды Бұршақов қатысты.

«МТҚ» АҚ құралдарымен 590 миллионнан астам шабуылдарға тойтарыс берілді

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ (бұдан әрі-«МТҚ» АҚ) сүйемелдейтін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы ағымдағы жылдың қазан айында 590 миллионнан астам желілік шабуылдар тіркелді және бұғатталды. Осының нәтижесінде мемлекеттік және квазимемлеттік секторлардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына зиянды әсер ету әрекеттеріне жол берілмеді.

AVEMARIA тобының қауіпті вирусы қазақстандықтарға шабуыл жасауда

Интернеттің қазақстандық сегментіне мониторинг жүргізу барысында Мемлекеттік техникалық қызметтің KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі күдікті салынымы бар құжатты тіркеді. KZ-CERT сарапшылары бұл файл зиянды бағдарламалық қамтылым (ЗБҚ) екенін анықтады.

Хакерлер браузерлерден парольдерді жинауға бағытталды

«МТҚ» РМК KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі мазмұнында Lokibot және Remcos RAT түріндегі зиянды бағдарламалық қамтылымы бар спам-жіберілімдер санының арта түскенін хабарлайды.

Электрондық поштаның бірыңғай шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың пошталық мекенжайларына  зиянды бағдарламалық қамтылымы бар көптеген жіберілімдер тіркеліп, аталған аппараттық-бағдарламалық кешенмен сәтті бұғатталды және түпкілікті адесаттарға жеткізілген жоқ.

Қазақстанда интернет-алаяқтық бағыт алуда

«МТҚ» РМК KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мекенжайына әртүрлі интернет-платформалар арқылы алаяқтық схемалардың құрабандары болған біздің отандастырмыздан өтініштер жиі келіп түсетін болды.

Қазақстанның білім беру платформалары зиянкестер тарапынан DDoS-шабуылдарға ұшырады

«МТҚ» РМК KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі ҚР мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарына ақпараттық қауіпсіздік осалдықтары тұрғысынан мониторинг жүргізу барысында kundelik.kz және bilimland.kz қазақстан білім беру платформаларына бағытталған мақсатты DDoS-шабуылдарды тіркеді.

"МТҚ" РМК onlinemektep.org интернет-ресурсына жасалған DDoS-шабуылына тойтарыс берді.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК (бұдан әрі- «МТҚ» РМК) Bilim Media Group тиесілі onlinemektep.org интернет-ресурсына қатысты Интернеттің шетелдік сегментінен жүзеге асырылған үлестірілген DDoS-шабуылы тіркелгенін хабарлайды, шабуылдың жиынтық сыйымдылығы 153 Гбит/с құрады.

Бір күн бұрын «Bilim Media Group» компаниясы оларға тиесілі onlinemektep.org интернет-ресурсының құпиялылығын, тұтастығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету өтінішімен «МТҚ» РМК-ге жүгінген болатын.

Беттер