«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ «Digital Almaty 2021» халықаралық форумына қатысты
Бүгін Алматыда «Digital Almaty 2021 - Цифрлық қайта жүктеу: жаңа болмысқа серпіліс» халықаралық форумы өтті. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл іс-шара онлайн форматта өткізілді. Форумның ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен делегациялар басшыларының: Дүниежүзілік Экономикалық форумның президенті Берге Бренденің, Google вице-президенті Винт Серфтің құттықтау сөзімен (онлайн-қосылу және бейнехабарлама арқылы) басталды.