Ухань қаласында Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Қытай Халық Республикасы Байланыс әкімшіліктерінің арасында үшжақты кездесу өткізілді.

    2017 жылғы 14-15 қыркүйек аралығында Ухань қаласында (Қытай) Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Қытай Халық Республикасының Байланыс әкімшіліктерінің  арасында 86.5° ш.ұ. орбиталдық жайғасымында орналасқан «KazSat-2» және 87.5° ш.ұ. орбиталдық жайғасымында орналасқан «ChinaSat-12» серіктерін пайдалану бойынша үшжақты үйлестіру кездесуі  өткізілді.
    Аталмыш кездесудің мақсаты болып «KazSat-2» және «Chinasat-12» серіктерін кедергісіз пайдалануды қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ 86.5° ш.ұ. және 87.5° ш.ұ. орбиталық жайғасымдарын пайдалану бойынша болашақтағы жоспарларды талқылау табылады.
    Қазақстан Республикасының делегациясының атынан «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК мен «KazSat-2» байланыс және тарату серіктік жүйесінің ұлттық операторы болып табылатын «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, Ресей Федерациясының делегациясының атынан «Басты радиожиіліктік орталық» ФМУК мен М.Ф. Решетнев атындағы «ИСС» АҚ, Қытай Халық Республикасының атынан Қытай Халық Республикасының Байланыс әкімшілігі мен «CHINASATCOM» халықаралық серіктік операторы өкілдік етті.
    Кездесудің қортындылары бойынша 86.5° ш.ұ. және 87.5° ш.ұ. орбиталдық жайғасымдарын пайдалану туралы операторлық келісімге келу мақсатында «KazSat» және «Chinasat» серіктік жүйелерінің операторлары деңгейінде үшжақты үйлестіру келіссөздерін жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.