"МТҚ" РМК support.sts.kz өтінімдер жүйесін енгізді

«МТҚ» РМК Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі, «Электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі, Интернет-трафик алмасу нүктесі  жобаларын  техникалық қолдап отыру мәселелері бойынша автоматтандырылған https://support.sts.kz өтінімдер мен инциденттерді өңдеуді есепке алу жүйесін енгізді.

support.sts.kz жүйесі:
- өтінімге берілген тіркеу нөмірін;
- өтінімнің келіп түскен уақытын;
- өтінімнің мазмұнын және оны орындау барысында келіп түскен түсіндірмелерді;
- өтінімнің мәртебесі мен оны жабу уақытын;
- өтінімнің жауапты орындаушысын бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл жүйе жобалар бойынша техникалық және кеңес беру мәселелерін жедел шешу мен өтінімдердің сыныптамасын белгілеу, сондай-ақ  туындаған мәселелерді тиімді шешу үшін қажет.