Қазнетті Тазалау: KZ-CERT .kz домендік аймақта тіркеу қағидаларын бұзған 200-ден астам сайтты айқындады.

«KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметімен IV тоқсанның екі айында  .kz домендік аймақтағы интернет-ресурстарда ақпараттық қауіпсіздіктің 200-ден астам инциденті айқындалды.

АҚ инциденттерінің болуына кz. домен аймағының мониторингі шеңберінде KZ-CERT әрекет ету қызметімен 200-ден астам интернет-ресурста «Рұқсат етілмеген қол жеткізу/мазмұнды түрлендіру» түріндегі АҚ инциденттері тіркелді.

Рұқсат етілмеген қол жеткізу мен мазмұнды түрлендіру фактілерін болдырмау үшін KZ-CERT қызметімен оларды жою бойынша толық ұсынымдарды көрсете отырып интернет-ресурстардың иелері хабарландырылды. Алайда, бірнеше рет хабарланғанына қарамастан 75 интернет-ресурстардың иелері осы ақпараттық қауіпсіздік инцидентін жою үшін тиісті жұмыстарды жүргізбеген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы интернет-ресурстарға қатысты уәкілетті органмен тиісті шаралар қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, АҚ инциденті жойылмаған жағдайда «Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидалары»-ның 3-тарауының 19-тармағына сәйкес «Тіркеу орнынан хабарлама алғаннан кейін тіркеуші заңды күшіне енген сот шешімінде басқа мерзім белгіленбесе, хабарламаны алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жол берілген бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы тіркелушіні хабардар етеді».

Осы талаптар орындалмаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген Қағиданың 23-тармағының 3-тармақшасына сәйкес 75 интернет-ресурстарды пайдалану тоқтатылады.

 
дата материала: 
06.12.2019