KZ-CERT пен CERT.BG меморандумға қол қойды

«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК (KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі) Болгария Республикасының Мемлекеттік электрондық үкімет агенттігімен (Болгария Республикасының Ұлттық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты:

-       АҚ қатерлері туралы ақпарат алмасу;

-       АҚ инциденттеріне бірлесіп әрекет ету;

-       зиянды бағдарламалық қамтамасыз етудің таралуы туралы ақпарат алмасу;

-       компрометация көрсеткіштерімен алмасу.

Меморандумға қол қою барлық қазақстандықтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жасалған тағы бір қадам болып табылады.