Алаяқтар homebank.kz-ті қайталауды жалғастыруда

«KZ-CERT» компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Интернет желісінде homebank.kz ұқсастыратын жаңа фишингтік интернет-ресурстар айқындалғанын хабарлайды.

«KZ-CERT» қызметіне homebank.kz-ті қайталайтын күдікті интернет-ресурстар туралы өтініштердің келіп түсуі жалғасуда. Сонымен, мынадай бес интернет-ресурсқа талдау жүргізіліп, нәтижелері бойынша фишингтік нысандардың орын алатыны тіркелді:

- homekzbank.com;

- kzhomebank.com;

- homkzbank.com;

- html.rocketfirm.com/halyk-card-to-card;

- homebankr.com/login/.

Талдау алаяқтардың әрекет ету алгоритмі сақталғанын көрсетті және Homebank сенімді телефоны/сәйкестендіргіші/ my Halyk логині енгізіліп, парольмен расталғаннан кейін пайдаланушы көрсетілген мобильдік нөмірге келуі тиіс sms-коды арқылы растау талап етілетін нысанға қайта бағытталады.

Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың шілде айында «KZ-CERT» қызметі homebank.kz қайталаған жеті интернет-ресурс айқындалғанын хабарлаған болатын.

Зиянкестердің .com домендік аттарының жүйесінде орналасатыны барлық ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің ерекшелігі болып табылады. Барлық айқындалған интернет-ресурстар пысықталып аяқталмаған. Соңғы жағдайда, интернет-ресурстарда мынадай белгілер қамтылған: Төлемдер; Аударымдар; homeshop; Тіркеу; Кіру; «Мен парольді ұмыттым».

Қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «KZ-CERT» қызметі аталған ақпараттық қауіпсіздік инцидентіне қатысы бар алыс және жақын шетелдерді хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізді.

Қазіргі уақытта аталған интернет-ресурстар колжетімсіз екенін атап көрсеткіміз келеді.

Қазақстандықтарды домендік атауға (іздеу жолына енгізілетін) назар аударып, осындай күдікті интернет-ресурс айқындалған жағдайда, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) тегін нөмірі бойынша хабарлауға немесе http://www.kz-cert.kz/ru/form сілтемелері арқылы өтінім жіберуге, сондай-ақ incident@kz-cert.kz электрондық мекенжайға хат жіберуге шақырамыз.

 

«KZ-CERT» компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі
Тел: 8-717-255-99-97
1400(моб.)
https://t.me/kzcert
E-mail: info@kz-cert.kz
incident@kz-cert.kz