Homebank.kz жаппай сілтемелері қазақстандықтарға қауіп төңдіреді

«KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі homebank.kz ресми интернет-ресурсына ұқсас фишингтік сілтемелерді анықтаудың жиілеп кеткен жағдайлары туралы хабарлайды.
«KZ-CERT» Қызметіне интернет желісіндегі күдікті интернет-ресурстар туралы өтініштер көбірек келіп түседі.
Интернет-ресурстарына жүргізілген толық талдау, мынадай ресурстарда фишингтік нысандарды анықтады:
- homeybank.com;
- homeebank.com;
- hometbank.com;
- housebankkz.com;
- homebankis.com;
- housebankkz.net.
Бұл барлық ресурстарға тән, онда интерфейс homebank.kz-дан көшірілген, карта ұстаушыларына авторландыру үшін мыналарды енгізуі қажет: сенімді телефон нөмірі| Homebank идентификаторы | my Halyk логині және пароль.
Мобильді нөмір арқылы авторизациялау кезінде, пайдаланушы  «жалған» парақшасына барғанын байқамай, осыдан кейін зиянкестердің ойы бойынша ұялы нөмірге алынған sms-код енгізуі тиіс болады.

Аталған интернет-ресурс «KZ-CERT» Қызметімен «Интернет желісіндегі алаяқтық интернет-ресурс/фишинг» деп сыныпталды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «KZ-CERT» қызметі homebank.kz ресми интернет-ресурсын қайталаған, homeYbank.com фишингтік интернет-ресурсты анықтады, бұл туралы ресми беттерде ақпарат жарияланды.
Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, барлық Қазақстандықтарды домендік атауға (іздеу жолында енгізілетін) назар аударуға шақырамыз және осындай күдікті интернет-ресурс табылған жағдайда, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) тегін нөмірі бойынша хабарлауды немесе мына: http://www.kz-cert.kz/ru/form сілтеме бойынша өтінім жіберуді, сондай-ақ электрондық мекенжайға: incident@kz-cert.kz хат жіберуді сұраймыз.


«KZ-CERT» Компьютерлік
инциденттерге әрекет ету қызметі

Тел: 8-717-255-99-97
        1400(моб.)
E-mail: info@kz-cert.kz
incident@kz-cert.kz