«KZ-CERT» командасы Эдинбург қаласында өткен FIRST халықаралық конференциясына қатысты

ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметінің «KZ-CERT» командасы Эдинбург (Шотландия) қаласында өткен FIRST халықаралық конференциясына қатысты.

Киберқауіпсіздік сессиясы аясында Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің бастығы Медет Ысқақов Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы баяндама жасап, «KZ-CERT» қызметінің жұмысы жөніндегі ақпаратпен бөлісті.

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі дамуының оң серпінін атап өтті. 

Сонымен қатар, халықаралық сарапшылар KZ-CERT қызметінің пайдаланатын шешімдеріне және қауіп-қатерлердің ҚР азаматтарына қатысты жағымсыз салдарын болдырмау тәсілдеріне баса назар аударды. 

Конференция шеңберінде халықаралық ұйымдармен тәжірибе және білім алмасу бағытында бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

Мұның бәрі KZ-CERT-тің үйлесімді командалық жұмысының арқасында мүмкін болып отыр.