Ақпарттық қауіпсіздік бойынша консультативтік үйлестіру кеңесі құрылды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарының, ақпараттық жүйелерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының талап етілетін деңгейін қолдау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бейінді мамандары қатарынан Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі консультативтік үйлестіру кеңесі (КҮК) құрылды.
Ағымдағы жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік техникалық қызметінде ақпараттық қауіпсіздік бойынша Консультативтік үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Отырыста КҮК мүшелері мемлекеттік органдардағы ақпараттық қауіпсіздіктің ағымдағы жай-күйімен танысты, АҚ қатерлері мен оқыс оқиғаларына ден қою мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасында жедел және өзге де ақпаратпен өзара алмасу бойынша шаралар әзірлеуге қатысты пікір алмасты, зиянды функционалдың болуына бағдарламалық кодтың зерттеулерін жүргізу мәселелері, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне (АКИАМО) жатқызылғна «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін және ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау мәселелері және т.б. талқылады. Сондай-ақ қатысушыларға ұйымдар арасындағы ақпараттық қауіпсіздік туралы мәліметтермен алмасуға мүмкіндік беретін жедел өзара іс-қимыл үшін платформаның мүмкіндіктері көрсетілді.

Талқылау қорытындысы бойынша КҮК мүшелеріне хаттамада көрсетілген міндеттерді орындауға кірісу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі мәселелері мен сұрақтарын нақты талқылау үшін жұмыс кездесулерін ұйымдастыру және т.б. тапсырылды.
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша КҮК-нің келесі отырысы 2019 жылдың қыркүйегінде өткізу жоспарлануда.
                                                                                                                                                                                                           «МТҚ» РМК баспасөз қызметі