Болашақ түлектермен кездесу

3-4 қазанда «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының орынбасары Зекен Исмаилов бастаған Кәсіпорын өкілдері Алматы қаласындағы бірқатар жетекші техникалық жоғары оқу орындарында, атап айтқанда, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде, Сулейман Демирел атындағы университетте, Қазақ-Британ техникалық университетінде және Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болды.

Сапар мақсаты «МТҚ» РМК-ның жоғарғы оқу орындарымен өзара іс-қимылын жақсарту, ЖОО басшылығымен одан арғы ынтымақтастықтың келешегін талқылау, жоғарғы курс студенттері үшін тағылымдамалар ұйымдастыру, жоғарғы оқу орындарының дарынды түлектерін Кәсіпорынға жұмысқа орналасуға тарту болып табылады.

Кездесу барысында «МТҚ» РМК-ның жауапты жұмыскерлері Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары мен түрлері туралы баяндап берді.

Сондай-ақ, студенттер тәжірибеден өту тәртібі, жұмысқа орналасу және мансаптық өсу туралы хабардар етілді.

Бүгінде «МТҚ» РМК мен қазақстандық жеті жоғарғы оқу орны арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Келісімдер шеңберінде Кәсіпорын үшін мақсатты түрде мамандар даярлауды ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ IT-технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Кәсіпорынның өзекті және перспективалық қажеттіліктеріне сәйкес мамандар даярлау көзделген.