Үлкен интернет форум BIF 2013

8-9 қараша күндері Алматыдағы КИМЭП Университетінде Үлкен Интернет Форум  өтеді.

Екі күнге созылатын басқосуда IT индустрия саласының маңызды тақырыптары қозғалмақ. BIF-2013-ке Қазақстан және шетелдік Интернеттің көшбасшылары қатысады.

Форумның негізгі ерекшелігі - нарық сарапшыларының танымдық кейстері, шеберлік сыныптары, өзекті  баяндамалардың көп бөлігі тартылған. Талқыланатын тақырыптар қатарында «Интернеттегі балалар қауіпсіздігі», «Авторлық құқық» және «Электронды сауда: 2013 трендтері» бар.

Үлкен интернет форумына алпыстан астам спикер қатысады. Мысалы, Mail.ru Group, Одноклассники, Microsoft, Kolesa.kz,  «Қазақтелеком» АҚ, Vse.kz,  «Choco Family» Холдинг,  All.biz,  Nur.kz, 1C bitrix, IBec-Systems, МАИН, МУИТ, Lamoda.kz, HH.kz сынды компаниялар форумда өзекті проблемаларды ортаға салмақ.

Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Интернет Қауымдастығы және КИМЭП. Сондай-ақ, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей, Украинадан елуден астам серіктестер ақпараттық қолдау көрсететін болады.

BIF-2013-тің ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің өкілдері және басқа да құрметті қонақтар шақырылған.

Жалпы, форумға 3000-дай адам қатысады деп күтілуде.