Қытай ұлттық компьютерлік инциденттерге әрекет ету техникалық қызметімен (CNCERT/CC) өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2013 жылғы 22 қарашада Қазақстандық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Қытай ұлттық компьютерлік инциденттерге әрекет ету техникалық қызметімен (CNCERT/CC) өзара сенім мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі жақтың негізгі мақсаты ішкі және халықаралық ақпараттық инфрақұрылымдарды қорғау деңгейін жақсарту үшін, ақпараттық инфрақұрылымдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында ынтымақтасу үшін компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтері арасында стратегиялық ынтымақтастық орнату болып табылады.