Корей «Интернет және қауіпсіздік» агенттігімен (KISA) өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2013 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Корей «Интернет және қауіпсіздік» агенттігімен (KISA) өзара сенім мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі жақтың негізгі мақсаты ішкі және халықаралық ақпараттық инфрақұрылымдарды қорғау деңгейін жақсарту үшін, ақпараттық инфрақұрылымдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында ынтымақтасу үшін компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтері арасында стратегиялық ынтымақтастық орнату болып табылады.