Минск қаласында радиожиіліктік спектрді пайдалануды реттеу бойынша жұмыс тобының отырысы өтпек

2014 жылдың 14-18 сәуірінде Беларусь Республикасы, Минск қаласында, «МТҚ» РМК мамандары қатысатын, БАЫ іс-шаралары өткізіледі: − ДРК-15/РА-15-ке (14-16 сәуір 2014ж.) дайындық бойынша БАЫ Жұмыс тобының 4-ші отырысы; − БАЫ Комиссиясының жерсеріктік орбиталар және радиожиіліктік спектрді пайдалануды реттеу бойынша 5-ші отырысы (17-18 сәуір 2014ж.).

Бұл отырыстарда ДРК-15/РА-15-ке дайындық, 694-790 МГц радиожілік белдеулерін тиімді және келешектегі пайдалану (2013 жыл, 3 желтоқсан, Баку қ.. Әзірбайжан Республикасы), Ku және Ka жиілік ауқымдарында VSAT жерсеріктік терминалдарын пайдалануды реттеудің нормативті-құқықтық базасын үйлестіру, радиожиілік спектрін пайдалану және бөліп беру үшін төлем алу, шағын радиусты әрекет ету құрылғылары үшін жиілік белдеулерін, сонымен қатар 790-862 МГц, 2300-2400 МГц, 2500-2700 және 3400-3600 МГц белдеулерінде сымсыз қол жеткізу жүйелерін пайдалану туралы, БАЫ-ға қатысушы елдерде радиохабар тарату қызметінің радиожиілік спектрінде 470-790 МГц жиілік ауқымын қажетсіну сұрақтары бойынша БАЫ-ға қатысушы елдердің және шекаралас мемлекеттердің жоғарғы деңгейдегі Кездесу нәтижелері сұрақтарын талқылау жоспарланып отыр.