Польшада электрондық қолтаңба бойынша Еуропалық форум өтеді

Польшада 2014 жылғы маусымның 4-і мен 6-сы аралығында EFPE (http://efpe.ru) электрондық қолтаңба бойынша XIV Еуропалық форум өткізіледі, оның жұмысына «МТҚ» РМК қызметкерлерінің қатысуы жоспарланып отыр.

Аталған форум сенім білдіру бойынша электрондық қызметтерге, соның ішінде электрондық қолтаңбаға, PKI және электрондық сәйкестендіруге арналады. Оны Польшада жыл сайын Unizeto Technologies SA компаниясы мен Батыс-Поморлық технологиялық университеті ұйымдастырады. Форумның жұмысы барысында Еуропалық Одақтың, Шығыс Еуропаның және бүкіл әлемнің баяндамашылары мен қатысушыларының тәжірибе, пікір алмасуы жүзеге асырады.

Форум Польшаның Экономика министірлігінің Вице-премьері Януш Пехочинский, Польшаның Әділет министрі Яцка Бернацкий, Еуропалық телекоммуникациялық стандарттар институты (ETSI), халықаралық сауда құқығы бойынша Біріккен ұлттар ұйымының комиссиясы (ЮНСИТРАЛ), Польшаның Сеймі - Инновация және жаңа технологиялар комитеті, Польшаның Стандарттау бойынша комитеті, сондай-ақ Польшаның Информатика және телекоммуникация бойынша палатасы сияқты құрметті патронаттардың қолдауымен өткізіледі.