Қазақстан IPv6 жүйесіне көшуге дайындалуда

9 маусымда Алматыда жаңа IPv6 адрестеу жүйесіне көшу мәселелеріне арналған RIPE NCC аймақтық конференциясы өтті. Бұл конференция «Қазақстанның Интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Қазақстанда алғаш рет өткізілді. Алматыда өткен бұл шарада RIPE ұйымының мүшелерін ғана емес, сонымен қатар провайдерлердің, байланыс операторларының техникалық өкілдері және ағымдағы мәселелерді шешуге мүдделі қазақстандық басқарушылар бас қосты. Конференцияға «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК қызметкерлері сарапшылар ретінде қатысты.

Осы коференцияны өткізуге соңғы бірнеше жылдың ішінде әлемдік интернет-қауымдастығының IPv4 форматындағы адрестерінің тапшылығы итермелеген. Мұндай проблемаларға аймақтық интернет-тіркеушілер 2011 жылы тап болған, ал 2012 жылдан бастап RIPE NCC еуропалық тіркеуші IPv4-адрестерді беруді доғарды.

Бүгінгі таңда осы проблеманы шешетін интернет-хаттаманың 6-шы нұсқасына біртіндеп көшу басталып келеді.Алайда, бұл көшудің өзі көпшілік интернет-компаниялардың алдына бірқатар проблемалар туындатып отыр. Ең күрделісі желілердің дайын болмауы – жаңа хаттамаға көшу техникалық базаны қайта әзірлеуді талап етеді, ал бұл үлкен шығындарға әкеп соқтырады. Кейбір нарық өкілдерінің ойынша қазақстандық интернет-тіркеушілердің жартысынан көбіне жуығы техникалық базаның дайын болмауы себепті жаңа адрестеу жүйесін сүйемелдеуге дайын емес. Дегенмен, IPv6-ға көшу тығырықтан шығудағы жалғыз фактор. Отандық сарапшылар 2 жылдан кейін Қазақстанның жаңа адрестеуге көшуіне тура келетінін болжайды.