KZ-CERT қызметі мен «Касперский зертханасы» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Ішкі және халықаралық ақпараттық инфрақұрылымдарды қорғау деңгейін жақсарту және ақпараттық инфрақұрылымдардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында 2014 жылғы 16 маусымда «Касперский зертханасы» менKZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бүгінгі таңда, жаһандық ақпараттық қауіпсіздіктің саласы киберқатерлерден қорғау деңгейін арттыруды талап етеді. Күннен-күнге экономика мен жұртшылық ел ішінде де, бүкіл дүниежүзінде де өзара байланыстағы және өзара тәуелді ақпараттық жүйелер мен желілерге сенім артып келеді. IT-инфрақұрылымдары нысаналы шабуылдарға неғұрлым жиі ұшырайды, ал қаржы құралдарына және пайдаланушылардың құнды ақпаратына бағытталған жаңа киберқатерлердің саны жыл сайын өсіп келеді келеді. Дерекнаманың және киберқауіпсіздік инциденттерінің себептерін сәйкестендіру тиімділігін арттыруда елеулі кедергілердің бар екендігін және инциденттерді нәтижелі өңдеу қашанда халықаралық ынтымақтастықты талап ететінін ескеріп, тараптар ішкі саясатқа және тәжірибелік әдістемелерді дамытуға қатысты білімдерімен бөлісу және тәжірибе алмасу туралы келісті.

«Бүгінгі таңда жаңа киберкомпаниялардың ауқымы мен қауіпі соншалықты, олардың жағымсыз салдарынан тек бірлесіп жұмыс жасап құтылуға болады. Біздің кез келген киберқатерлер саласында сараптамамыз мол, біз зиян келтіретін бағдарламалық қамтамасыз ету әлемінің ағымдағы үрдісін түсінеміз және де біз ұқсас мақсаттарды көздейтін кез келген ұйыммен осы білімдерімізбен қуана бөлісеміз. KZ-CERT қызметі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша консультативтік қызмет көрсетеді және елдің бүкіл аумағындағы мемлекеттік органдардың бөлімшелерін үйлестіреді, сондықтан Қызметтің жұмысына біздің көмек көрсетуіміз – ақпараттық технологиялармен қауіпсіз жұмыс жасауда кез келген тұлғаның құқығын қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерімізді орындаудағы міндетті қадам» - деп атап өтті Орта Азиядағы және Моңғолиядағы «Касперский зертханасы» аймақтық офисінің басқарушы директоры Фатима Бибеза.

«Біздің Қызметке Интернет желісіндегі қазақстандық сегменттің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар стратегиялық міндетер жүктелген. Тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, зиян келтіруші белсенділік анықталады. Біз сондай-ақ Интернет-ресурстарды пайдаланушылар мен олардың иелері үшін ақпараттық қауіпсіздік әрекеттерінжою және болдырмау бойынша үсыныстар әзірлейміз. Соңында, заманауи киберқатерлер туралы, сондай-ақ оларға қарсы қорғау құралдарының тиімділігі жөнінде ақпараттарды жинаймыз, талдаймыз және жинақтаймыз. Бұл күрделі әрі көлемді міндеттерді іске асыру оңай емес, – оларды шешу барысында өзара іс-қимыл ең алдымен ведомствоаралық әрекеттестік және сарапшылардың тәжірибесі қажет. Осы мәселеде біз компьютерлік вирустардан, спамнан, хакерлік шабуылдардан және өзге киберқатерлерден қорғану жүйелерін әзірлеуге мамандандырылған компания – «Касперский зертханасының» қолдауына өте ризамыз» - деді Қазақстан Республикасының компьютерлік инциденттеріне әрекет ету қызметінің бастығы Жанат Жакупов.

Меморандум екі данада, қазақ және орыс тілдерінде жасалған, барлық мәтіндердің күші бірдей.