TLDCON 2014 — киберқауіпсіздік және құқықтық реттеу

2014 жылғы 10-11 қыркүйек аралығында Баку қаласында Ресейдің, ТМД елдерінің және Еуропаның тіркеу бөлімдері мен тіркеушілерін жыл сайын біріктіретін TLDCON’2014 конференциясы өтті. Биылғы жылғы жетінші рет өткен бұл конференцияның өткізілетін орны Әзірбайжан елі болып таңдалды. Конференцияны Интернет желісінің ұлттық доменінің Үйлестіру орталығы және ICANN-ның қолдауымен Интернеттің техникалық орталығы ұйымдастырды. Қабылдаушы жақ – Әзірбайжан Республикасының Байланыс және жоғары технологиялар министрлігі.

Конференцияның басты мақсаты жоғары деңгейдегі әр-түрлі ұлттық домендердің алдыңғы қатарлы тіркеушілерін интернетке байланысты мәселелерді талқылауға тарту және әр-түрлі елдердің ұлттық домендерінің тіркеу бөлімі мен тіркеушілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру болып табылады. Бүгінгі таңда жаһандық желідегі нақ осы ұлттық сегменттердің белсенді дамуы, осы мәселені айрықша өзекті етіп отыр.

Бизнесті жаһандандыру және интернет-нарығындағы бизнес-үлгіні өзгерту аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және домендік атаулардың жаһандық нарығын дамыту үшін қашанда жаңа мүмкіндіктер іздеуді қажетсінеді.

Интернет желісі ұлттық домені Үйлестіру орталығының директоры Андрей Колесников іс-шараны ашу кезінде TLDCON конференциясы – қауымдастықтың домендік тақырыптамаға деген тұрақтылығы мен қызығушылығының көрсеткіші болғанын атап өтті.

«Домендер – бұл Интернет желісінің құрылысындағы ең басты шешім болып табылады. Алайда, бұл текбизнес-үрдістер ғана емес, сонымен қатар технология», – деді MSK-IX директоры Елена Воронина. Елена Воронинаның ойынша домен жетістігіне технологияны таңдауды және пайдалануды дұрыс жолға кою кепіл болады, содай-ақ TLDCON конференциясы домендік индустрия үшін аса маңызды аспектіні талқылауға мүмкіндік береді.

Талқылаудағы басты тақырып – «New gTLD» бағдарламасының алғашқы нәтижелері болды. Конференцияға қатысушылар осы салада оны дамытудың перспективалары туралы өз ойлдарын ортаға салды. TLDCON 2014 конференциясына әлемнің 24 елінен келген ұлттық тіркеу бөлімдері мен тіркеушілерінің 100-ден астам өкілдері қатысты.

Бұл іс-шараға «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері де сарапшылар ретінде қатысты. 2 күнге созылған іс-шараның бағдарламасында заманаүй домендік индустрияның өзекті тақырыптары бойынша 40-қа жуық баяндамалар оқылды. Конференция спикерлерінің баяндамаларымен http://meeting.cctld.ru/prog/ іс-шара сайтында танысуларыңызға болады.