«Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті дамыту» III халықаралық конференциясы

Кәсіпорында ақпаратты қорғау механизмін қалай дұрыс енгізуге болады? Жұмыскерлермен және серіктестермен болатын сот дауларында коммерциялық құпияны қорғаудың типтік тәуекелдерін қалай болдырмау? Қазақстанның кәсіпорындарында ақпараттық қауіпсіздіктің IT- жүйелерін енгізудің осы және өзге де проблемалары ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК «KazInSert» ЖШС қатысуымен 2014 жылғы 24 қазанда Астанада ұйымдастырған «Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті дамыту» III-і халықаралық конференцияда талқыланды.

«Заманауи бизнес жағдайында осындай іс-шара өткізу индустрия үшін аса маңызды, себебі Қазақстанда қазіргі уақытта заң тірегі өте жақсы құрылған. Құқықтық негіз болса да, біз техникалық жағынан артта қалып отырмыз» - деді «Aston Alliance» халықаралық бизнес-кеңесшілер консорциумның ТМД елдері бойынша директоры Санджар Муминов айтып өтті.

Технологиялық үдеріс бүгінгі күні ақпараттық қауіпсіздікті жетілдіруді талап етеді. Стандартты қайта қарау ақпараттық қауіпсіздікті қабылдауды кеңейтуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, стандарттың жаңа редакциясына қосымша элементтер енгізілді, мәселең адамдық фактор. Бұдан басқа, стандартты қайта қараған кезде оның менеджмент жүйесінің басқа стандарттарымен өзара байланысы назарға алынды. BSI-дегі нарықтық даму бөлімінің басшысы Анна Хейнстің пікірінше: «Бизнес ақпараттық қауіпсіздікке қатысты масаттанушіліқтан аулақ болуға және бизнесті жүргізудің ең үздік әлемдік тәжірибелерге байланысты қамтамасыз етуге тиіс. IT-дің айтарлықтай өсуі және жұмыс орындарында таралуы, кибер-қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы ақпараттылық деңгейінің артуы бизнесті абай болуға мәжбүрлейді. Стандарттың жаңа нұсқасы мұны барынша жақсы орындауға мүмкіндік береді».

Ресейдің және Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жетекші мамандары, BSI сарапшылары, Мәскеу қ.; «Ақпараттық жүйелер академиясы» ЖШС, Астана қ.; «Пацифика» ЖШС, Алматы қ.; R-Vision, Мәскеу қ.; Symantec Corporation, Мәскеу қ.; Group-IB, Мәскеу қ.; «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК, Астана қ.; «Aston Alliance» консорциумы (Ресей, Қазақстан, Өзбекстан); ISSP, Мәскеу қ.; Softprom, Алматы қ. мемлекеттік ақпараттық жүйелердің және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын жетілдіру тәжірибесімен алмасып, үдерістері мен тәсілдерін талқылады.

Өткізілген үшінші Конференция ақпараттық қауіпсіздіктің барлық салаларда талап етілетінін және оны қабылдау шеңбері кеңейгенін куәландырады: 100 ден астам қатысушы конференцияға қатысты – қауіпсіздік департаменттері мен қызметтерінің басшылары, IT-мамандар және Қазақстан Республикасы Министрліктері мен ведомстволарының, Ұлттық компаниялардың, ірі банктердің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мамандары, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері.