Сайбер Секьюрити Малайзиямен (Cyber Security Malaysia) өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум

2014 жылғы 12 қарашада «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Сайбер Секьюрити Малайзиямен» (Cyber Security Malaysia) өзара сенім мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Екі жақтың негізгі мақсаты – Компьтерлік инциденттерге әрекет ету қызметтерінің арасында халықаралық ақпараттық инфрақұрылымдардың ақпараттық және компьютерлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен күш-жігерді тереңдетуге бағытталған стратегиялық ынтымақтастық орнату болып табылады.

Тараптар киберқауіпсіздікті дамыту саласында өзара мүдделер үшін ынтымақтастықты нығайтуға және оған жағдай жасауға келісті.