Радиожиілік спектрін басқару бойынша жұмыс тобының отырысы

2014 жылғы 2-5 желтоқсан аралығында Астана қаласында Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық (БӨЫ) іс-шаралары: радиожиіліктік спектрді және спутниктік орбиталарды пайдалануды реттеу бойынша БӨЫ комиссиясының 6-шы отырысы, радио хабарын тарату бойынша Жұмыс тобының 4-ші отырысы және радиожиіліктік спектрді басқару бойынша Жұмыс тобының 5-ші отырысы өтеді.

Радиожиіліктік спектрді және спутниктік орбиталарды реттеу бойынша БӨЫ комиссиясының отырысында мындай өзекті мәселелер қаралатын болады:
- Радиобайланыс Ассамблеясы-15 (РА-15) және Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы-15 (ДРК-15) БӨЫ Байланыс әкімшілігінің (БӘ) дайындығының барысы туралы. ДРК-15 күн тәртібінің тармақтары бойынша БӨЫ БӘ жалпы ұсыныстарының жобасы;
- 470-790 МГц жиілік диапазонындағы радижиіліктік спектрдегі радио хабарларын тарату қызметінің қажеттіліктері;
- «БӨЫ-ның Өңірлік ұйымдармен өзара іс – қимыл тәртібіне» өзгерістер енгізу.

Радио хабарларын тарату бойынша Жұмыс тобының отырысында қатысушылар тиісінше Ұсынымдарды үйлестіру және дайындау мақсаттары үшін Жаңа цифрлік теледидар (ЖЦТД) қабылдау қондырғыларының өлшемдік белгілерін стандарттау бойынша жұмыстарды жұргізу мәселелерін талқылайды, «Женева-06» жоспарын» түрлендіру мүмкіндігін және 694-790 МГц және 790-862 МГц жиілік жолақтарын БӨЫ БӘ-нің Радио хабарларын тарату қызметінің пайдалануы бойынша ұсыныстарды қоса алғанда 694-790 МГц және 790-862 МГц жиілік жолақтарында хабарламаларды тартудың кең толқынды қызметіне қолжетімділігі мен теледидар хабарларын таратудың перспективті технологияларын енгізу үшін Радио хабарларын тарату қызметінің қажеттіліктерін қарайды, Радиожиіліктік спектрді басқару бойынша Жұмыс тобынмен бірлесіп «Перспективалық радиотехнологияларды дамытудың ұзақ мерзімді болжамдарын және олардың техникалық сипаттамаларын әзірлеу, сондай-ақ 470-862 МГц диапазонында жиілік жолақтарын бірлесіп пайдаланудың мүмкін сценарийлерін (радио хабарларын тарату қызметі бөлігінде) анықтау» есебі бойынша жұмыстардың жүргізілу барысын талқылайды.

Радиожиіліктік спектрді басқару бойынша Жұмыс тобының қатысушылары Анықтамалықтар мен Есептер жобасының бірқатар жұмыс құжаттарының жобасын қарайды.