KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтерінің исламдық өзара іс-қимыл ұйымына (OIC-CERT) мүше болды

Қазақстандық Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (KZ-CERT) 2015 жылғы 26 қаңтарда Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтерінің исламдық өзара іс-қимыл ұйымына (OIC-CERT) ұлттық әрекет ету қызметі құқығында мүше болды.

OIC-CERT мүше болу мына ислам елдерінің Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтерімен барынша тығыз өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді: Әзірбайжан, Бангладеш, Бруней, Египет, Индонезия, Иран, Иордания, Ливия, Малайзия, Марокко, Нигерия, Оман, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Судан, Сирия, Тунис, Түркия, Біріккен Араб  Әмірліктері.

OIC-CERT мүше болудың негізгі мақсаты Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтері арасында халықаралық ақпараттық инфрақұрылымдардың ақпараттық және компьютерлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жігерін күшейтуге бағытталған стратегиялық ынтымақтастық орнату болып табылады. 

дата материала: 
26.01.2015