Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Байланыс әкімшіліктері орбиталды-жиіліктік ресурсты үйлестіру бойынша кездесу өткізді.

    2017 жылғы 19-23 маусым аралығында Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Байланыс әкімшіліктерінің геостационарлы және геостационарлы емес серіктік желілерін үйлестіру бойынша 4-ші кездесу өткізілді.
    Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Байланыс әкімшіліктері атынан Халықаралық электробайланыс одағында өтінілген геостационарлы және геостационарлы емес серіктік желілерді (орбиталды-жиіліктік ресурс) үйлестіру.
    Қазақстан Республикасының «KazSat» серіктік байланыс жүйесінің көмегімен мемлекеттің барлық аймағында байланыс пен таратуды, сонымен қатар ЖҚЗ «KazEOSat» ғарыштық жүйесінің көмегімен төңіректі картографиялауды қамтамасыз етуге арналған өз орбиталдық-жиіліктік ресурсы бар.
    Қазақстан Республикасының делегациясының атынан «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» (РҒБО) АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ғалам» ЖШС өкілдік етті. Ресейлік тараптан Ресей Федерациясының 14 байланыс ұйымдары мен кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
    Келіссөз кезінде Ресей Федерациясының Байланыс әкімшілігінің серіктік желілері мен «KAZSAT» сериялы серіктік желілері арасында стандартты және жоспарлы жиіліктер жолағында жиіліктік иемденулерді келістіру бойынша үйлестіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Ресей Федерациясы Байланыс әкімшілігінің геостационарлы емес серіктік желілері мен Қазақстан Республикасының жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің геостационарлы емес серіктік желілері, және де ғылыми-технологиялық бағыттағы ғарыштық жүйелерінің жиіліктік иемденулерін үйлестіру жұмыстары жүргізілді.
    «ИНТЕРСПУТНИК» Халықаралық Ғарыштық Байланыс Ұйымының атынан Байланыс әкімшілігі ретінде қызмет істейтін Ресей Федерациясының Байланыс әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі арасында серіктік желілерді үйлестіру бойынша кездесу өткізілді. «INTERSPUTNIK», «IK» және «KAZSAT» сериялы серіктік желілері арасында жоспарлы жиіліктер жолағында үйлестіру жұмыстары жүргізілді.
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) негізінде құрылған алғашқы қазақстандық наносерік үшін тағайындалған AL-FARABI-1 геостационарлы емес серіктік желісі мен Ресей Федерациясының Байланыс әкімшілігінен өтінілген қозғалды деп саналған серіктік желілерімен үйлестіру жұмыстары жүргізілді.
    86,5° ш.ұ. орбиталды жайғасымын өзара пайдалану мәселесі қарастырылды. Ресей делегациясы орбиталды-жиіліктік ресурсты қазақстандық тараптың болашақта пайдалану мүмкіндігін қарастыруға келісті.