ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Кәсіпорын қызметінің мақсаты
Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында жеке қызмет түрлерін жүзеге асыру.

Миссиясы – Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігі мен байланыс инфрақұрылымының қауіпсіздігін қалыптастыруды, дамыту мен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жәрдемдесу.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 362 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемделдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.
Үкіметтің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 қаулысымен Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.
2014 жылғы 17 сәуірдегі № 369 Үкімет қаулысымен Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 100 қаулысымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына сәйкес Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.

 

Негзігі қызмет түрлері
Кәсіпорын мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
ақпараттандыру саласында:
1) ақпараттық жүйеге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына және мемлекеттік органның интернет-ресурсына олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізеді;
2) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің қорғалуын қамтамасыз етудің мониторингін жүзеге асырады;
3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің мониторингін жүзеге асырады;
4) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қауіпсіз қолдану және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мақсатында оларды мониторингтеуді жүзеге асырады;
5) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу және функционалдылығы шарттарының өзгермеуіне мониторингті жүзеге асырады;
6) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы Интернетке қосылған телекоммуникация желілерін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы және өкілді органдардың электрондық поштасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
7) сервистік бағдарламалық өнімге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттiк органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйесіне, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйеге, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізеді;
8) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісуді жүзеге асырады;
9) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
10) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді;
11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық тұрғыдан қолдап отыруды жүзеге асырады;
12) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домендік аттарға қызмет көрсететін домендік аттар серверлерінің істен шығуға төзімділігін мониторингтеуді жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын әзірлеуді қолдап отырады;
14) байланыс операторларының трафигін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы және байланыс операторының пошталық трафигін "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы қосуды және өткізуді жүзеге асырады;
15) ақпараттық жүйелердің және мемлекеттік органдардың телекоммуникациялар желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді анықтау, талдау және болғызбау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
16) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының міндеттерін және функцияларын іске асырады.
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында:
1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін техникалық қолдап отыруды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және халықаралық байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды жүзеге асырады.